Шаралар

Мерекелік концерт және қарттарға арналған пансионат қонақтармен кездесуі.

12 қазанда біздің әдемі ханымдарымыз үшін “макияж” (бет макияжы) бойынша мастер-класс өтті

Қарттар күніне және мейірімділік айына арналған іс-шаралар

Хан тоғайындағы спорттық жарыстар

18 тамыз 2023 Челкар көліне саяхат

Қазақстандағы ең көне тарихи-өлкетану мұражайларының біріне бару (1836 жылы құрылған, Орал қаласында орналасқан).

Киров атындағы саябақта Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге Орал қаласының спорт кешендеріне бару.

“Қамқор” Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы

Волонтерларды марапаттау

Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледж студенттері “Алматы жас дәрігерлер ассоциациясы” қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттарға ие болды. Марапат иелері “Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығында емдік фитнес, ақпараттық түсінік, тоғыз құмалақ сияқты шаралар өткізді.

Жаңа жыл

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 12 желтоқсан күні “Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығының қатысушылары Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының егде жастағы қызметалушыларының көңіл-күйлерін көтеру, әңгімелесу, сырласу бағытында әдемі кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында өз қолдарымен дайындап әкелген сыйлықтарын табыстады.

Хор

8 желтоқсанда Ақсай қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары “Қамқор” БҰӨ келіп, зейнеткерлерімізбен танысып, “хор әні”сабағына қатысты. Белгілі композитор, баяншы Сүлейменов Әділбек Насекенұлы “хор әні” бойынша мастер-класс өткізді.

Спорттық эстафета

2023 жылғы 29 қарашада Спорт сарайында зейнеткерлер арасында спорттық эстафета өтті.

Халықаралық қарттар күні

1 қазан – халықаралық қарттар күні қарсаңында 2023 жылдың 28 қыркүйегінде “Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығының шақыруымен Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының егде жастағы қызметалушыларға әдемі кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесуге ат салысқан директор орынбасары Талшынай Орынбековна мен Абзал Талгатұлына үлкен алғыс айтамыз!

Мерекелік іс-шара

2023 жылдың 10 қазанында «Қамқор» орталығы үйде әлеуметтік қызметкер қызметін алатын зейнеткерлерге мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мейірбандық айы

“Мейірбандық айы” аясында Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі өкілдері мен волотер студенттер 18 қазан күні “Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығында әдемі кеш өткізді.

Хан тоғайында скандинавиялық жүріс

“Қамқор” белсенді ұзақ өмір орталығы 6 қазан күні қатысушыларға Хан тоғайында керемет демалыс ұйымдастырды. Табиғат аясында скандинавиялық жүріс, емдік дене шынықтыру жаттығулары орындатып, әр түрлі ойындар, жарыстар өткізіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларымен кездесу

2023 жылғы 27 қыркүйекте Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларымен іс-шара ұйымдастырылды.

Атқа міну бойынша шеберлік сағаты

8 қыркүйекте “Nur-Er” ат спорты кешенінде атқа міну бойынша тағы бір шеберлік сағаты өтті.

Отан қорғаушылар күніне арналған республикандық әндер челленджі

07.05.2023 “Асыл әже” және “Атамекен” ансамблі «Әкеге сағыныш» өлеңін орындады.

Кескіндеме бойынша шеберлік сағаты

05.05.2023 Шараны ҚР Суретшілер Одағының мүшесі қалалық көрме залының суретішісі Утешев Женисбек өткізді.

Атқа міну бойынша шеберлік сағаты

04.08.2023 Nur-Er” ат спорты орталығында атқа міну бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды, сондай-ақ садақ атудан оқыту өткізілді.

Балаларды қорғау күні

01.06.2023 «Қамқор» орталығына шақырылған аниматорлар флешмоб ұйымдастырып, одан кейін жиналған балалар үшін ойындар мен сайыстар өткізді.

Мәншүк Мәметова мұражайына бару

22.06.2023

Керамика бойынша шеберлік сағаттары

18 және 26.07.2023 Қамқор орталығы.

«Әділет кеңес береді» науқаны

19.06.2023 Қамқор орталығы.

Астана күні

06.07.2023 Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Орталық мәдениет және демалыс саябағында “Қазағымның жерұйығы Елорда” іс-шарасы өтті, онда бірнеше команда түрлі конкурстарда бақ сынасты.

Спорттық іс-шара

21.07.2023 Қалалық мәдениет және демалыс саябағында спорттық эстафета өтті. Аталған жарыстарға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Анесов Мынатаубиік Тауфихұлы белсенді қатысты.